17
ноябрь
2022
«Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында акция
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де 17 қараша күні мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева "Бала құқығы - адам құқығы" Республикалық айлық аясында мектеп дәлізінде оқушыларға жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсулеріне ықпал жасау мақсатында «Қатыгездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында акция ұйымдастырды. Жұмыс барысында оқушыларға «Өзіңді бақытты сезіну үшін не қажет?» деген сұрақ қойылып, өздері таңдаған «Отбасы жылулығы», «Жағымды қарым-қатынас» және «Көтеріңкі көңіл-күй» бағыттарының біреуін таңдады. Мысалы «Отбасы жылулығы» бөлімі бойынша «Маған деген сенімі жоғары болса», «Менімен адам шынайы болса», «Жақсы қарым-қатынаста болса» деген тілектерді таңдап алса, «Жағымды қарым-қатынас» бөлімі бойынша «Мейірімді бол», «Кешірімді бол», «Өзгелерге көмектесе біл», «Көтеріңкі көңіл-күй» бөлімі бойынша «Өзіңе деген сенімділік», «Әрқашан күлімсіреп жүр», «Сәттілік», «Адал достар» деген сөздер жазылған қағаздарды таңдап алды.