24
ноябрь
2022
Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезең қорытындысы
2022 жылдың 23 қараша күні Семей қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурста өз жобаларын қорғаған мектебіміздің 11 сынып оқушылары Сарманова Адина, Арман Жанайым (жетекшісі информатика пәні мұғалімі Ж.С.Шаймуратова), 9 «Б» сынып оқушысы Құрлус Зарина (жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі А.С.Нурахатова) ІІІ орынды, ал 9 "Ә" сынып оқушылары Оспанова Балжан мен Муратова Айым (жетекшісі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.А.Балганбаева) жүлделі ІІ орын иегерлері атанды. Оқушылар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!