«Отбасының сәні - сыйластық»
Отбасы күні мерекесіне орай, 5-6-сынып оқушылары арасында «Отбасының сәні - сыйластық», 7-8-сыныптар арасында «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау туралы кеңестер беріліп, қазақ халқының қанына біткен адамгершілік, имандылық, балажандық, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық, отаншылдық, т.б. қасиеттер отбасында қалыптасатыны жайлы әңгіме жүргізілді.