18
сентябрь
2020
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту» тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
2020 жылдың 17 қыркүйек күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту» тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 26 сыныптан 185 ата-ана қатысып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы тұжырымдамамен таныстырылды. Күн тәртібіне жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі деген сұрақтар қойылып, ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.