«Білім жолы»
2018 жылдың 7 сәуірінде Өскемен қаласындағы №47 орта мектептің базасында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы, «Юсимас» зияткерлікті дамыту халықаралық академиясының ұйымдастыруымен республикалық «Білім жолы» марафонының облыстық кезеңі болып өтті. Марафонның мақсаты бастауыш сынып оқушыларының ізденіс белсенділігін, шығармашылық қабілеттілігін дамыту және арттыру. Аталған марафонда Жарма ауданының намысын Георгиевка орта мектебінің 1 және 2 сынып оқушыларынан құралған «Жас дарын» командасы қорғады.
«Білім жолы» марафонында балалар «Өзін-өзі тану», «Полиглот», «Логика», «Квест» және тағы басқа зияткерлік бағыттар бойынша арнайы тапсырмалар орындады. Балалар әр бекеттегі берілген тапсырманы орындап қана қоймай, оны жылдам өтулері шарт. Қорытындысында Жарма ауданының намысын қорғаған «Жас дарын» командасы жақсы нәтиже көрсетіп «Жас данагөйлер» номинациясының жеңімпазы атанып, кубокқа ие болды. Барлық қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Білім жолы» марафонына қатысқан әр оқушы өз білімін көрсетіп, мектептегі оқудың қызықты екенін, оның қуаныш әкелетінін және ең бастысы пайдалы екенін сезінді.
7 апреля 2018 года в средней школе №47 города Усть-Каменогорск прошел областной этап республиканского марафона «Білім жолы», организованный международной академей по развитию интеллекта «Юсимас», республиканским сообществом «Асыл бала», Восточно-Казахстанским научно-практическим центром «Дарын», управлением образования ВКО. Целью марафона является повышение и развитие поисковой активности, творческих способностей учащихся. В данном марафоне честь Жарминского района защищала команда, представленная учащимися 1-2 классов Георгиевской средней школы «Жас дарын».
В ходе марафона «Білім жолы» ребята выполняли задания по интеллектуальным направлениям«Самопознание», «Полиглот», «Логика», «Квест». Ребята должны были не только правильно выполнить задания, но быстро пройти по указанному маршруту. В итоге команда Жарминского района показав хороший результат стала победителем в номинации «Жас данагөйлер» и награждена кубком, дипломам марафона.
Каждый участник марафона достойно показав свои знания почувствовал радость успеха и смог оценить пользу знаний, полученных в школе.