16
май
2021
Заманбек Естемісұлы мектепке 20 шырша сыйға тартты.
«Георгиевка орта мектебі» КММ-нің ұстазы болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғызарым Абылғазықызының туғанына 70 жыл толуына орай жұбайы Заманбек Естемісұлы мектепке 20 шырша сыйға тартты. Бірнеше жылдан кейін шырша саясына демалуға да болатынын айтып, мектеп ауласының көркеюіне үлес қосқаны үшін Заманбек ағамызға алғыс білдіреміз.