Қасіретті зұлматқа - 80 жыл. » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
» » Қасіретті зұлматқа - 80 жыл.
24
апрель
2017

Қасіретті зұлматқа - 80 жыл.

Қасіретті зұлматқа - 80 жыл

1997 жылдан бастап «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген күн.

1930 жылдан бастау алған Ф.И.Голощекиннің «Кіші Октябрь» ұйымдастыру жөніндегі құйтырқы саясаты қазақ халқын өте ауыр қасіретке душар етті. Қолындағы малын күштеп тартып алған халықтың күн көрісі қиындап кетті. Аштықтан, күшпен, зорлықпен тәркілеуден зәрезеп болған халық шет елге өтіп, босқынға айналды. Қытай асты, ішкі Ресейге өтті. Амалы, шарасы жоқ халық ақ сүйек болып қырылды.

Қазіргі деректерге сүйенсек, кем дегенде 2 миллионнан астам адам аштық құрбаны болды.1937-38 жылдары халқымыздың зиялы азаматтары, ұлтымыздың бетке шығар қаймағы, Алаш арыстары: Шәкәрім қажы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Маған Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар, қоғам қайраткерлері: Сәкен Сейфуллин,Тұрар Рысқұлов, Ораз Исаев, Ораз Жандосов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды ақын-жазушылар, тағы басқа «Елім»- деп еңбек еткен, асыл азаматтар саяси қуғын-сүргіннің, жазықсыз жаланың құрбаны болды.

Осындай ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуір айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады. Елбасы Жарлығымен «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде жыл сайын аталып өтіп келеді. Осы күннің құрметіне орай Георгиевка орта мектебінде саяси қуғын- сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына әр түрлі іс- шаралар өтті.

Мектепте өткен әрбір іс- шара қуғын-сүргін құрбандары рухының құрметіне бір минут үнсіздік жариялаудан басталды. Мектеп кітапханасында «Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары» атты көрме ұйымдастырылды.

9-11- сыныптар арасында өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын- сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған «Үлкен террор» атты ғылыми- практикалық конференция болды. Бұл конференцияда пән мұғалімдері мен оқушылар әр түрлі тақырыпта баяндамалар жасады. Баяндамалар мазмұны қуғын-сүргін құрбандарының қазақ халқының алдындағы ерліктері мен қайраткерлік болмыстарына арналды. 6- сынып оқушылары «Тарих қасіреті» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. 5-8- сыныптарға арналған «Тоталитарлық қуғын- сүргін тарихы», «Саяси- қуғын сүргін құрбандары жадымызда» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті.

7-сыныптар арасында «Ұлт зиялыларының Сталиндік саяхатқа күресі» тақырыбында оқырмандар конференциясы болды. Осы өткен әрбір тәрбие сағаттарынан оқушылар үлкен тәрбие алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын тағы бір қырынан таныды.

Тәуелсіздік, азаттық жолында құрбан болған әрбір азаматқа басымызды иіп, тағзым ету біздің ұлттық парызымыз», – деп санаймын.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ.Байдельдинова

Жестокой правде истории 80 лет

 В КГУ «Георгиевская средняя школа» для учащихся 9-11 классов прошла научно-практическая конференция «Годы террора», посвященная 100-летию образования партии «Алаш» и 80-летию начала сталинского террора. Цель мероприятия: познакомить учащихся с историческим прошлым нашей Родины, воспитание учащихся в духе демократии, свободы, личностного достоинства, уважения прав и свобод человека.

Учителя истории и учащиеся 10-11 классов приготовили доклады и выступления, посвященные этим страшным событиям. Также учителя школы поделились воспоминаниями из истории своей семьи, родственники которых были незаконно репрессированы в эти страшные годы. Учащимися 6 классов были проинсценированы сцены на тему «Тарих қасіреті». Для учащиеся 5-8 классов были проведены классные часы «Тоталитарлық қуғын- сүргін тарихы», «Саяси- қуғын сүргін құрбандары жадымызда». В библиотеке школы была оформлена книжная выставка «Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары»

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив