09
март
2021
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
ШҚО білім басқармасының ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-27 ақпаны аралығында облыстың қалалары мен аудандарында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға «Георгиевка орта мектебі» КММ бойынша 4 оқушы қатысты. Нәтижесінде, физика пәнінен 9- сынып оқушысы Буламбаева Алина ІІІ орын (жетекшісі Дайров М.Т.), Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Таурбек Толғанай ІІІ орын (жетекшісі Нурмухаметова А.Д.), ағылшын тілі пәні бойынша 10- сынып оқушысы Құрлус Аяулым (жетекшісі Мухаметкалиева А.К.) ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!


