01
март
2021
«Жүрек бояуларымен сурет саламыз» атты сурет көрмесі
«Георгиевка орта мектебі»КММ-де 2021 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күні аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Л.Т.Беккасымованың ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында «Жүрек бояуларымен сурет саламыз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені өткізу барысында жас суретшілер ұйымшылдықпен қатысып, өз суреттерінде ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті, адалдықты, бақытты отбасы бейнелеген суреттер арқылы ата-аналарына алғыстарын білдірді.














