19
ноябрь
2019
«Ұнайтынымды сүретке саламын» атты сурет көрмесі.
«Георгиевка орта мектебі»КММ-де 2019 жылдың 17 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы"атты онкүндіктің аясында көркем еңбек пәні мұғалімі Л.Т.Беккасымованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Ұнайтынымды сүретке саламын», мектеп тәлімгері Ермұрат Г. ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында «Біздің өміріміздегі ең басты құндылықтар» тақырыптарында сурет көрмелері өткізілді. Көрмеге жас суретшілер Отан, үй, жанұя, қоршаған орта, табиғат, натюрморт, ертегі әлемі, сүйікті ойыншықтары бейнеленген суреттерін ұсынып, дүниені танып - білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге үйренді.