19
ноябрь
2019
«Мен- бақытты баламын» тақырыбында арт-терапия.
«Георгиевка орта мектебі»КММ-де 2019 жылдың 19 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы"атты онкүндіктің аясында мектеп психологтары А.Кокиева мен М.Кабаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында «Мен- бақытты баламын» тақырыбында арт-терапия элементтерімен акция өткізілді. Акцияға орта және жоғарғы буын оқушылары белсене қатысты. Оқушылар «Бақыт деген не?» тақырыбына суреттер салып, ойларымен бөлісіп, бақытты балалық шақтарын әр түрлі түстермен суреттеп, адам баласының ең бақытты өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы екендігін суреттерінде көрсете білді.