Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны өткізу кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына қажетті психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында Жарма ауданының педагог-психологтары Кокиева А.Н., Тагиева И.Т.,Садвакасова И.К.,Канашева А.М., Фазымова А.Ж. ұйымдастыруымен үш күндік «КҮЙЗЕЛІССІЗ ҰБТ» тақырыбында психологиялық онлайн марафон өткізілді.
Марафонның бірінші күні мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарының қатысуымен «Емтихан кезінде отбасындағы психологиялық жайлылық: балаңызға ҰБТ-ны сәтті тапсыруға қалай көмектесуге болады» тақырыбында пайдалы кеңестер берілді.
Марафонның екінші күні «Қиындықтар және уақытты тиімді жоспарлау» тақырыбында мектеп түлектерімен әртүрлі жаттығулар жүргізілді.
Марафонның үшінші күні «ҰБТ –дан кейін мен өзімді қалай, қайдан көремін?» тақырыбында сурет салу немесе әңгіме жазу арқылы ата-ананың ҰБТ –ны тапсыру кезіндегі баласына қолдауының маңыздылығын жеткізу мақсатында әртүрлі психологиялық жұмыстар жүргізілді.
Психологиялық марафонның соңы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың мектеп бітіруші түлектеріне арналған құттықтау және қолдау көрсету бейнеролигімен аяқталды.
