17
октябрь
2019
Қыз болашағы - ел болашағы
Акцияның тақырыбы: «Қыз болашағы - ел болашағы».
Акцияның мақсаты: Ұл балаларға қыз баланың өмірдегі орнын, қызды қадірлеу өз болашағын қадірлеумен бірдей екенін түсіндіру.
Қазан айының 11-і күні мектеп психологы А.Кокиеваның ұйымдастыруымен мектеп дәлізінде «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі» атты қызғалдақтай болып өсіп келе жатқан қыздарымызға ұл балалар қыз балаларды құрметтеу мен сыйлау мақсатында «Құрмет сыйын» таратты. Бұл акцияға 7,8,9,10,11- сыныптың ұлдары белсене қатысты. Акция барысында қыз балалар өздеріне деген сыйластықты сезініп, жағымды әсер алды.