20
ноябрь
2025
Батырлар жолы – ұрпаққа өнеге!

Бүгін 10 «В» сыныбында қазақтың қаһарман ұлы, Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған танымдық сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар батырдың өмір жолымен, ерліктерімен, Панфиловшылар құрамындағы қызметімен, сондай-ақ әдеби және ғылыми мұрасымен танысты. Балалар деректі видеолар көріп, топтық жұмыс арқылы Мәліктің тұлғалық болмысын ашатын тапсырмалар орындады.
Оқушылар үшін бұл сабақ нағыз рухани мағынасы зор, ел тарихына деген құрметті арттырған әсерлі кездесу болды.
Сегодня в 10 «В» классе прошел познавательный урок, посвящённый 110-летию со дня рождения Малика Габдуллина — героя Великой Отечественной войны, писателя и учёного.
В ходе занятия учащиеся познакомились с жизненным путём героя, его подвигами, службой в составе панфиловской дивизии, а также с его литературным и научным наследием. Ребята посмотрели документальные видеоматериалы и в ходе групповой работы выполнили задания, раскрывающие личность Малика Габдуллина.
Для учеников урок стал по-настоящему значимым и помог укрепить уважение к истории и героям нашей страны.