21
февраль
2022
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына 33 жыл
2022 жылдың 18 ақпан күні "Георгиевка орта мектебі" КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығуына 33 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге құрметті қонақ ретінде Ауған соғысының ардагерлері Мапетов Қ.М., Трайспаев Н.Ш. және Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Қарасаев Б.Қ. қатысты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагерлер қиын-қыстау күндердегі өткен өмірімен бөлісті. Сонымен қоса, 2005 жылы туылған балаларға шақырту куәлігін табыстады. Ерліктері келешек ұрпаққа өнеге болған ардагерлеріміздің дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.