01
май
2025
«Біздің өміріміздегі шынайы көшбасшылар»
Бүгінгі күні балаларға бағыт-бағдар беретін, олардың жүрегінде өзіне деген сенімділік ұшқынын жағатын, армандарға ұмтылуға және жеңіске жетуге шабыттандыратын «Біздің өміріміздегі шынайы көшбасшылар» атты жоба өз жұмысын бастады.
Жобаның алғашқы қонағы – табандылығы мен білімге деген құштарлығы арқылы көпке үлгі бола білген, HSK Group компаниясының негізін қалаушы, сондай-ақ Жарма ауданы бойынша IQANAT олимпиадасының тұрақты қолдаушысы Хасенов Саян Капанаевич болды.
Кездесу барысында оқушылар Саян Капанаевичтің өмірлік жолымен танысып, табыстың кілті — білім мен еңбек екеніне көз жеткізді. Бұл кездесу балаларға мол әсер қалдырып, үлкен армандарға жетелер мотивация сыйлады.



