26
апрель
2025
Бүгін мектебімізде алғаш рет Әкелер форумы өтті!
Бұл жай ғана шара емес — бұл баланың өміріндегі әкенің рөліне арналған шынайы мереке болды. Біз маңызды мәселелерді талқыладық, тәжірибе алмастық, шабыт алдық — және әкелеріміздің қаншалықты талантты, белсенді әрі қамқор екенін көріп, шексіз қуанышқа бөлендік!
Ең қуаныштысы — әкелеріміз қанша жерден жұмысбасты болса да, форумға уақыт тапты. Яғни, әрбір әке өз баласының жанында болуға және мектебіміздің бастамасын қолдауға дайын екенін көрсетті.
Пленарлық бөлім форумның маңызын айқындаса, секциялық жұмыстарда нағыз шығармашылық пен шеберлік өрбіді: сурет салу, өрнек жағу, қамшы өру, тамақ дайындау, ән айту — әрбір әке өз дарынын көрсете білді. Ал музыкалық номерлер көрермендердің ыстық ықыласына ие болды!
Әкелеріміздің сөзіне қарағанда: «Мұндай форум дәстүрге айналсын!» — деген тілегі бар. Біз де бұл бастаманы толық қолдаймыз. Себебі осындай іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтады.
Құрметті әкелер, сіздерге үлкен рахмет — сіздер нағыз үлгісіздер!



















