24
декабрь
2024
🎄Мектептегі жаңа жылдық мереке ✨
Бүгін мектебімізде кіші орталық, мектепалды даярлық сынып және 1-2 сыныптарға арналған жаңа жылдық мереке жоғары деңгейде өтті! Оқушылар үшін арнайы ұйымдастырылған бұл шара көңілді ойындар, тамаша әндер мен әсерлі қойылымдарға толы болды.
Әр сынып өз өнерін көрсетіп, барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әсем безендірілген зал, шыршаның жанындағы шырайлы сәттер және балалардың жарқын күлкісі бұл күнді ұмытылмас етті.
Жаңа жыл баршаңызға тек жақсылық әкелсін!






