16
октябрь
2024
«Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?» тақырыбында кездесу
Қазанның 16 күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б. Қабидоллаеваның жоспарына сай 7 - 11 сыныптармен оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың діни көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларға «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын түсіндіру мақсатында «Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?» тақырыбында кездесу өткізілді. Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт сайын көбейіп барады. Олардың біз білмейтін қаншама түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті. Жұмыс барысында оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен ашық бөлісті.






