24
апрель
2024
"Дүниежүзілік кітап күніне" арналған «Біз кітаппен біргеміз» атты іс-шара
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де 10-сынып оқушылары арасында балалардың кітап оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында "Дүниежүзілік кітап күніне" арналған «Біз кітаппен біргеміз» атты іс-шара өтті. Шара барысында әр сыныптың спикерлері «READx» жобасы аясында оқыған шығармаларын жарнамалады. Спикерлердің мақсаты – тыңдаушыларды өз презентациясына қызықтыру, тыңдаушыларды өздері ұсынған кітапты оқуға шақыру.