23
январь
2024
Апталық аясында дене шынықтыру сабағынан өткізілген ашық сабақ
“Ұлт тірегі-ұлттық құндылықтарды сабақтарда қолдану” атты аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің апталығы аясында дене шынықтыру пән мұғалімі Асылбеков Дамир Болатканович “Күш пен шыдамдылықты дамыту жаттығулары және волейбол ойынының техникасы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсатына жету үшін күш пен шыдамдылықты дамытуға, шапшандыққа арнайы жаттығулар жасалып, волейбол ойынының элементтері көрсетілді. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысты.