01
декабрь
2022
«Тепе-теңдік жаттығулары және кіші аттан секіру»
1 желтоқсан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Кошкинбаев 8«Б» сыныбында «Тепе-теңдік жаттығулары және кіші аттан секіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында гимнастикалық жаттығулар элементтерін көрсетіп, кіші аттан секіру сынды жаттығулар арқылы оқушыларды спортқа баулыды. Жылдамдыққа байланысты ойын ойнатып, оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыра түсті.


