23
ноябрь
2023
«Ақуыз. Ақуыз молекулаларының құрылымы» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ
"Жаратылыстану сыры - ғылымда" атты апталық аясында химия пәні мұғалімі Ж.Т. Ашубаева мен биология пәні мұғалімі А.Д. Маралбаева 11 «А» сыныбында «Ақуыз. Ақуыз молекулаларының құрылымы» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ қазіргі заман талабына сай, әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, топтық, жекелей деңгейлік тапсырмаларды орындап, зерттеу жұмысын жасады. Атап айтсақ, «Educaplay», мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру, «Білім почтасы», «Телефон». Сабақ соңында «Бір минут» әдісі арқылы кері байланыс болды.