13
апрель
2023
«Құстар және оның түрлері» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ
2023 жылдың 13 сәуірі күні мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Сакенова Баян Ильясовна 0 «Г» сыныбында «Құстар және оның түрлері» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Оқу мақсатына жету барысында бірнеше пәнді кірістіре отырып, балалармен оқытудың әртүрлі әдіс -тәсілдерін кеңінен пайдаланып, топтық, жұптық, жекелей жұмыстар жүргізілді. Сергіту сәтіне нейрожаттығу қолданды. Сабақ соңында рефлексия жасалып, балаларға тәтті сыйлық таратылды. 




