30
октябрь
2023
6«А» және 7 «Б» сыныптың ата-аналарымен «Шаттыққа толы жүрекпен» тренингі
30 қазан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева 6«А» және 7 «Б» сыныптың ата-аналарымен мектеп пен ата — аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру, ата — аналардың қарым-қатынасын жақсарту, бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында баланың өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында балалардың «Тиесілік сезімінің» маңыздылығына мысалдар келтірілді. Ата-аналар «Балалық шақтағы ең бақытты күндер» жаттығуына белсенді қатысып, жылы естеліктерді естеріне алып, ашық әңгімелесті. Тренинг соңында бала тәрбиесіндегі отбасының маңыздылығымен, қыр-сырларымен танысып, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас орнауына ықпал етті.