18
январь
2019
«Үздік қазақ тілі мұғалімі -2018»
2019 жылдың қаңтар айының 17 күні қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында «Үздік қазақ тілі мұғалімі -2018» аудандық байқауы өтті. Байқау мақсаты қазақ тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылық талаптарын арттыру, дамыту. Пән мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына үлесін жария ету болса, байқау міндеттері мұғалімдердің шығармашылық әлеуметін жоғарлатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу болды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. І кезең – сырттай. ІІ кезең - аудандық (финалдық) кезең. Аудандық кезең №236 орта мектебінде өтті. «Георгиевка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгерім Кайратовна Байдельдинова қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





