15
сентябрь
2023
«Біз бәріміз доспыз!» тақырыбында тренинг
15 қыркүйек күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де 8«Б» сыныбына жаңадан келген оқушылармен сынып ұжымына бейімделуіне ықпал ету, балалардың танысу үшін өзара әрекеттесуін ұйымдастыру және жаңадан келген оқушы жаңа ортаға бейімделу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Біз бәріміз доспыз!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында «Бірлік», «Біз біргеміз», «Кел, ойнайық!» жаттығулары арқылы оқушылардың сынып ұжымына бейімделуіне ықпал жасалып, бір-бірімен жақсы танысу үшін қолайлы жағдай жасалды.

