17
март
2023
"Ұмытылған ұлттық тағамдар" сайысы
7-8-сыныптар арасында "Ұмытылған ұлттық тағамдар" сайысы өтті. Аталған сайысқа әр сыныптан бір қыз бала анасымен қатысып, бүгінгі күні ұмытылып бара жатқан тағамдар "Әсіп", "Ақ ірімшік", "Ми палау", "Санзы", "Ала бауырсақ", "Шалап", "Түтінге қақталған ет", "Бүйенге салынған май" сияқты түрлерін әзірлеп, оның құрамы мен ұлттық құндылығын түсіндіріп, қорғап шықты. Сайыс қорытындысына "Аналар мектебі" құрамынан Э.С.Баймуханова, М.Г.Бендик, Н.С.Асанова төрелік етіп, сыныптарды орындармен марапаттады.