21
февраль
2023
Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі туралы
21 ақпан күні "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің 2"Б" сынып оқушыларына Жарма аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғаныс лейтенанты Азамат Қалиденұлы Заманбекович және төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторы Тоханов Парасат Мейрманұлы өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ақпарат беріп, бейнеролик көрсету арқылы ережелермен таныстырды. Оқушыларға өрт сөндіру қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы тақырыптарында сурет салғызып, оқушылардың төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейтті.