03
февраль
2023
«Математикалық регата» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Ағымдағы жылдың 02 ақпан күні математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың ережесіне сәйкес топпен жұмыс жасаған математика пәні мұғалімі Тұрдыбек Айнұр ІІІ орын иеленді. Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!

