31
январь
2023
«Біз біргеміз, берік іргеміз!» тақырыбында психологиялық жұмыс
31 қаңтар күні «Георгиевка орта мектебі» КММ -де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай 7 «А» сынып оқушыларының позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру мақсатында «Біз біргеміз, берік іргеміз!» тақырыбында психологиялық жұмыс өткізілді. Жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен тығыз достық қарым-қатынасқа түсіп, «Өмірде жоқ жануар» тақырыбында ұжым болып, бірігіп жұмыс жасады. Жұмыс соңында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, топ болып жұмыс істеудің маңызын түсініп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.