02
июль
2022
2002 жылғы түлектері балалық кездерін сағына еске алу үшін ұшқан ұяларына келді.
2022жылдың 1 шілде күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің 2002 жылғы түлектері балалық кездерін сағына еске алу үшін ұшқан ұяларына келді. Салтанатты жиынға сол кезеңде мектеп директоры болған Сарсенбаева Разия Султановна, бастауыш сынып мұғалімдері Кайырбекова Нургуль Кайыртаевна мен Койшубаева Күміс Балтакаевна, жоғары сыныптағы сынып жетекшілері Асылбекова Савия Токановна, пән мұғалімі Мукажанова Камила Шакеновна қатысты. Бүгінгі таңда әр түрлі салада қызмет атқаратын ел азаматтары ретінде өз орындарын тапқан түлектер, мектеп қабырғасында өздерін оқушы сезініп, жақсы көңіл-күймен уақыт өткізді. Мектеп асханасының модернизациясына өз үлестерін қосып, демеушілік көрсетті.