29
июнь
2022
"Мен әнші боламын" тақырыбында әншілерге пародия
"Күншуақ" лагерінің бесінші күні балалар әдеттегідей таңғы жаттығудан соң үйірмеде және топтарда жұмыс жасады. "Жұлдыздар" тобында түрлі кітаптарға шолу жасап, спорттық эстафеталық ойындар ұйымдастырылса, "Балдырған" тобында бишілер күні өтіп, әр түрлі би үлгісін көрсетті. Жалпы шарада " Мен әнші боламын" тақырыбында әншілерге пародия жасады. Концерт соңында мадақтамамен марапатталды.