10
июнь
2022
Т.Бигельдиновқа 100 жыл толуына орай "Жас ғалым" интеллектуалды сайысы
Мектеп жанындағы "Күншуақ" лагерінің бүгінгі күні таңғы жаттығудан басталып, күн тәртібі бойынша балалар үйірме жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар, әр топ ішінде "Өнерлі өрге жүзер", "Сандар сиқыры", "Мир сказок" тақырыптарында іс-шаралар өтсе, лагерь жоспары бойынша бүгінгі күн ұшқыш Т.Бигельдиновқа 100 жыл толуына орай, "Жас ғалым" интеллектуалды сайысымен жалғасты. Тәрбиешілер Т.Бигельдинов жайлы мағлұмат беріп, балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп, интеллектуалды тапсырмалар орындатты. Тапсырманы ең жылдам және дұрыс орындаған оқушыларды медальмен, қатысушыларды шағын сыйлықтармен марапаттады. Іс-шарадан кейін балалар түрлі спорттық ойындар ойнады.