10
июнь
2022
Табиғат аясында ойын-жаттығулары ұйымдастырылды
«Георгиевка орта мектебі КММ-де 10 маусым күні мектеп психологтарының жоспарына сәйкес А.Кокиева мен Б.Кабидоллаеваның ұйымдастыруымен 3 «В» және 3 «Г» сыныптарымен оқушылардың шығармашылық ойын дамыта отырып, өздеріне деген сенімділігін, позитивтік көзқарасты қалыптастыру және көңіл күйлерін көтеру мақсатында табиғат аясында ойын-жаттығулар ұйымдастырылды. Жұмыс барысында балалар әр ойынға жоғары белсенділікпен қатысып, өте жоғары көңіл-күйде болды.