Жарманың жас дарындары
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 сәуірі күні Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде «Зияткер» желілік мектеп кешенінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ой-өрісін кеңейту. Жарма ауданы атынан «Георгиевка орта мектебі» КММ-ң мектепалды даярлық тобы және 1 сынып оқушыларынан құралған «Жарма жұлдыздары» командасы олимпиадаға қатысып қайтты. Жетекшісі Семсенова М.Ш. және Баймулдинова М.Д. Олимпиада төмендегі бағыттар бойынша өтті. Мектеп алды даярлық тобы үшін тілашар, орыс тілі, ағылшын тілі, қызықты математика, мен әлемді танимын, легошығармашылық және 1 сыныптар үшін сауаттылыққа үйрену, орыс тілі, стандартты емес есептерді шешу, мен әлемді танимын, легоқұрастыру, инженерлік есептердің шығармашылық шеш уі.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектеп алды даярлық тобы тәрбиеленушілері арасынан Ертуған Балнұр ағылшын тілі, Серікжан Ерасыл қызықты математика, Калимбек Алдира тілашар және Кенжебек Жамиля әлемді танимын бағыттарынан I орын, Абдукаримова Дильназ орыс тілінен III орынға ие болды. 1 сыныптар бойынша Сейілғазы Әлижан инженерлік есептердің шығармашылық шешуі бағытынан II орын, Есенгельдинова Нұрайым сауат ашудан III орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табыс етілсе, олимпиадаға қатысқан барлық тәрбиеленушілер мен оқушыларға сертификаттар берілді.
14 апреля 2018 года была проведена областная олимпиада «Тілашар» для детей школ сетевого комплекса «Зияткер», одаренных в области математики, физики, информатикиВосточно-Казсхстанким региональным научно-практическим центром «Дарын».
Цель олимпиады: стимулирование инженерно-технического потенциала и расширение политехнического кругозора детей.
Жарминский район представила команда «Жарма жұлдыздары», учащиеся 1 класса и класса предшкольной подготовки КГУ «Георгиевская средняя школа». Руководители Баймулдинова М.Д., Семсенова М.Ш.
Олимпиада прошла по следующим направлениям: для учащихся предшкольной подготовки по русскому языку, английскому языку, занимательной математике, я познаю мир, АБВГДейка и Леготворчество, для учащихся 1 класса решение нестандартных задач, я познаю мир, Легоконструирование, обучение грамоте, казахский язык и творческие решение инженерных задач.
По результатам олимпиады учащиеся предшкольной подготовки Ертуған Балнұр по английскому языку, Серікжан Ерасыл по занимательной математике, Калимбек Алдира по АБВГДейка, Кенжебек Жамиля по познанию мира заняли I место. Абдукаримова Дильназ по русскому языку – III место. Учащиеся 1 класса Сейілғазы Әлижан занял II место по решению инженерных задач, Есенгельдинова Нұрайым – III место по обучению грамоте.
Победителям, участникам и их учителям вручены дипломы и сертификаты.