«Жарқын болашақ»
2018 жылдың 24 ақпанында Шы ғыс Қазақстан облы сы өңірінің жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Х республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. «Жарқын болашақ» олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті мен «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. «Георгиевка орта мектебі» КММ 4 оқушы қатысып, үшеуі жүлделі орындарға ие болды.