Аудан әкімінің Алғыс хаты
2023 жылдың 6 мамыр күні Жарма ауданы мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров жиналған қауымды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жастарға патриоттық тәрбие беруде жемісті қызметі үшін мектебіміздің алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімі Д.М.Рахимгалиевті Алғыс хатпен марапаттады.