Ақпарат » Страница 138 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына қош келдіңіздер!
Мектеп ауласына көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
29
апрель
2022
Мектеп ауласына көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Балалар жылына орай  және  1 мамыр - Халықаралық бірлік күні мерекесі қарсаңында  Жарма ауданының  Орман шаруашылығы қызметкерлерінің бастамасымен  өткен аудандық  "Саябақтар шеруі - 2022жыл" табиғат қорғау Халықаралық акциясының жалғасы ретінде  "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің жоғары сынып оқушылары   мектеп ауласына көшеттер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған акцияға орман шаруашылығы  қызметкерлері қонаққа шақырылды. Игі бастаманы ауданымыздың өзге мектептеріне жолдаймыз.
"GEO Олимпия-табысқа апарар жол» облыстық олимпиадасы
29
апрель
2022
"GEO Олимпия-табысқа апарар жол» облыстық олимпиадасы
2022 жылдың 29 сәуір күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен 11- сынып оқушылар арасында география пәнінен "GEO Олимпия-табысқа апарар жол» облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1)    Бірінші кезең – оқушыларды тестілеу ( 30 тест сұрақтары).  2)    Екінші кезең – практикалық тапсырмаларды шешу. Олимпиада қорытындысы бойынша екі кезеңнен суырылып алға шыққан мектебіміздің 11- сынып оқушысы Советбекова Ажар жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
"Би әлемі - 2022"
29
апрель
2022
"Би әлемі - 2022"
"2022 жыл - Балалар жылына" орай  ұлттық билерден өткен аудандық "Би әлемі" байқауында ересек топтар арасында мектебіміздің  "Shara dance"  тобы  жүлделі І орынды жеңіп алды. Жас өнерпаздарымызға  өнерлері  өрге жүзсін деген тілек білдіреміз.
Щучинск қаласында   өткен Азия чемпионаты
28
апрель
2022
Щучинск қаласында өткен Азия чемпионаты
2022 жылдың 25-29 сәуір аралығында Щучинск қаласында   өткен Азия чемпионатында Д.М.Рахимгалиевтің жетекшілігімен  "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің маманы Бекбосынов Асылан Советұлы және  мектебіміздің түлегі  Кирдасымова Жансая   1 орынды иеленді.   Марапат иелерін құттықтаймыз!
"Туған жердің әсемдігі" тақырыбында ашық сабақ
28
апрель
2022
"Туған жердің әсемдігі" тақырыбында ашық сабақ
2022 жылдың 28 сәуірінде өзін- өзі тану пәні мұғалімі М.К.Берикканова 4"Б" сыныбында "Туған жердің әсемдігі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға Шығыс Қазақстан облысы мен Жарма ауданындағы әсем жерлердің көріністері көрсетіліп, әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы табиғаттың макетін жасады. Сабақ соңында мұғалім туған жерді аялау, оның көркеюіне үлес қосу әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
«Общественно –правовая система казахов при Тауке хане» тақырыбында ашық сабақ
28
апрель
2022
«Общественно –правовая система казахов при Тауке хане» тақырыбында
Апталықтың жоспарына сәйкес 6 «А» сыныбында Турсунова Баян Жулдузовна «Общественно –правовая система казахов при Тауке хане» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар жұптық және топтық жұмыс жасады. Сабақ мақсатына жету үшін тиімді әдіс – тәсілдер қолданылды.
Ұлттық мектеп лигасының жеңілатлетикалық кросс жарысының облыстық кезеңі
27
апрель
2022
Ұлттық мектеп лигасының жеңілатлетикалық кросс жарысының облыстық
«Балалар жылы» аясында өткен Ұлттық мектеп лигасының жеңілатлетикалық кросс жарысының облыстық кезеңіне   «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің  оқушылары қатысып, 10-сынып оқушысы  Буламбаева Алина  мен  9-сынып оқушысы Болатбек Айбар ІІІ орынды  иеленді. Жетекшілері  Искакова Г.А. және Асылбеков Д.Б. Жеңімпаздарды құттықтап, алар асуларың көп болсын дейміз.
«Қазақстан майдан арсеналы» тақырыбында ашық сабақ
27
апрель
2022
«Қазақстан майдан арсеналы» тақырыбында ашық сабақ
Тарих және өзін – өзі тану пәндері мұғалімдерінің  апталық жоспарына сәйкес Байбатшаева Айнур Советовна 8 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан майдан арсеналы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға ашық сабақ барысында "Стоп кадр" әдісі арқылы видео көрсетіліп, кластер жасады. Әр  тапсырманы орындауда оқушылар  қызығушылықпен белсене қатысты. Ал жас мамандар еңбек жолына қажет жаңа әдіс – тәсілдермен қоржындарын толықтырды.
«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбында ашық сабақ
26
апрель
2022
«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбында
2022 жылдың 26 сәуірінде апталықтың  жоспарына сәйкес 8 «Ә» сыныбында Нурмухаметова Айдана Дәулетбекқызы Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жекелей жұмыстар жасады.  Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім заманауи жаңа технологияларды тиімді қолданды.
«Ең жас тарихшы»  интеллектуалды сайысы
25
апрель
2022
«Ең жас тарихшы» интеллектуалды сайысы
Апталықтың жоспарына сай 25 сәуір күні тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5 - сынып оқушылары арасында «Ең жас тарихшы»  интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайысқа әр сыныптан 2 оқушы қатысып, үш кезең бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде, І орынды 5 «Ә» сыныбы, ІІ орынды 5 «А» сыныбы, ІІІ орынды 5 «В» сыныбы иеленді.

Последние новости

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы - Лента новостей

[/aviable]