Дебат» пікірсайыс
Бүгін Республикалық «Дебат» пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде мектебіміздің 10-сынып оқушылары Орымбасарова Анель, Нұрланова Нұрай және Абдрахман Айдана жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды! 🏆 Оқушыларымыздың сыни ойлау қабілеті, шешендік шеберлігі мен тыңғылықты дайындығы олардың табандылығы мен білімге деген құштарлығын көрсетті. Жас пікірсайысшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏✨ Жетекшісі: Кеңесова Жібек Ғанийқызы