"Bokeikhan Universitу"
"Bokeikhan Universitу" базасында Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту, мектеп парламенттерінің жұмысын жетілдіру, жастар бастамаларын қолдау және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға Жарма ауданының атынан мектебіміздің Парламент мүшелері Сәулебек Есілбек, Мұқият Ділнұр және мектеп президенті Орымбасарова Анэля қатысты.