«Тәуелсіз Елдің ұранымыз»
Мектебімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәні мұғалімдері 6- сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіз Елдің ұранымыз» атты баскетбол спорттық ойын ұйымдастырды. Шара соңында ұйымдастырушылар жарысқа қатысқан барлық командаларды марапаттап, алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті.