Тәрбие ісі » Страница 19 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
«Дублер күні» өткізілді.
05
октябрь
2023
«Дублер күні» өткізілді.
2023 жылдың 5 қазан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай «Дублер күні» өткізілді.
"Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем"
04
октябрь
2023
"Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем"
Мемлекеттік тілді дәріптеу, көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында  өткен облыстық видеороликтер байқауында "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің 9-сынып оқушысы Набережнева Олеся  І орын иегері атанды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулетова Әсия  Сатбековна. "Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем" демекші, қазынамызды сақтап, дәріптейтін жас ұрпақтарымыз көп болсын!#Біртұтас_тәрбие
"Үздік қорғаушы" номинациясының  иегері
02
октябрь
2023
"Үздік қорғаушы" номинациясының иегері
Астана қаласында футболдан өткен жарыста мектебіміздің 8-сынып оқушылары Акрамов Нұрасыл мен Акрамов Ерасыл Абай облысы құрама командасының атынан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ,  Акрамов Нұрасыл "Үздік қорғаушы" номинациясының  иегері атанды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
«Табысты түлек»
02
октябрь
2023
«Табысты түлек»
Мектебімізде "Еңбек күні" мерекесіне орай  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Ш.Уайданованың ұйымдастыруымен «Табысты түлек» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде мектеп түлегі, "Алтын белгі" белгісінің иегері, бүгінгі күні жеке кәсіпкер - омарташы Ахмеджанов Тамирлан қатысып, оқушылармен қызықты  әңгіме жүргізді. Тамирлан өзінің кішкене күнінен аталған кәсіпке қызығушылық танытып, 10 жасынан омарташылықпен айналысқанын жеткізді. Оқушылар үшін қызықты әрі тың
1 қазан - қарттар күні
30
сентябрь
2023
1 қазан - қарттар күні
1 қазан - қарттар күніне орай  кәсіподақ ұйымының төрайымы Байдельдинова А.Қ.  ұжым атынан мектебіміздің ардагерлерін мерекемен құттықтап, шағын сыйлығын тарту етті. Қазыналы қарттарымыз аман болып, қуанышты күндері көп болуын тілейміз.
Ұлттық Ұлан академиясының  5511 әскери бөлімі
29
сентябрь
2023
Ұлттық Ұлан академиясының 5511 әскери бөлімі
29 қыркүйек күні  мектебіміздің 10-11-сынып оқушыларымен Ұлттық Ұлан академиясының  5511 әскери бөлімінің  өкілдері келіп, кәсіптік бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізді.  Оқуға қабылдану, оқу орнындағы студенттерге жасалатын жағдай жайлы кеңінен ақпарат беріп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Болашақ түлектеріміз өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып, тиісті жауап алды.
"Еңбек ерімен селфи..."
29
сентябрь
2023
"Еңбек ерімен селфи..."
«Еңбек күні мерекесіне орай өңірдегі еңбек ерлерімен селфи фото жасап, насихаттау мақсатында мектебімізде "Еңбек ерімен селфи..."  акциясы өтті. Акцияға бірнеше жылдар қатарынан өрт сөндіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған Отынбаев Кабдылгабит Баярысович  және жеке кәсіпкер  Садуов Халел Каримович қатысып,  мектеп президенті Оспанова Балжан  мен  Ұланбасы Андраш Балнұрға өздерінің еңбек жолы жайлы мәлімет берді. Өскелең ұрпаққа үлгі боларлық осындай еңбек ерлеріміз көп болсын!
«Өзіңе көңіл-күй сыйла!» тақырыбында тренинг
29
сентябрь
2023
«Өзіңе көңіл-күй сыйла!» тақырыбында тренинг
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, өзіне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында «Өзіңе көңіл-күй сыйла!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Жұмыс барысында «Кім жылдам», «Көңілді мен», «Паластилинография» арт-терапиясы арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, белсенділіктері арта түсті.
Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
29
сентябрь
2023
Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай 8-сынып оқушылары арасында "Алтайдың асыл перзенті" атты әдеби сағат өткізілді. Шара барысында қаламгердің шығармашылық таланты, оның туындыларының көркемдік ерекшеліктері туралы баяндалды. Оқушыларға жазушының танымал шығармалары оқуға ұсынылды.
"Еңбек - адамның көркі, Адам - заманның көркі"  атты тізіліс
28
сентябрь
2023
"Еңбек - адамның көркі, Адам - заманның көркі" атты тізіліс
Еңбек күні мерекесіне орай  "Георгиевка орта  мектебі" КММ-де  9-11-сынып оқушыларымен "Еңбек - адамның көркі, Адам - заманның көркі"  атты тізіліс өтті.  "Экология және еңбек" фракциясының мүшелері еңбек жайлы  пайдалы кеңестер беріп,  еңбек  атқарып жүрген азаматтар туралы ақпараттар берді.