Біртұтас тәрбие іс -шаралары » Страница 5 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
2-сынып оқушылары Жаңа жылдық шыршаға арналған мерекені тамашалады
27
декабрь
2023
2-сынып оқушылары Жаңа жылдық шыршаға арналған мерекені тамашалады
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше сезім сыйлайды. Осындай  әсерде  2-сынып оқушылары Жаңа жылдық шыршаға арналған мерекені тамашалады.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
1-сынып оқушыларына арналған  Жаңа жылдық шырша мерекесі
26
декабрь
2023
1-сынып оқушыларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі
Жаңа жыл - бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Кіршіксіз көңілдері  ғажайыптың боларына сенген  1-сынып оқушыларына арналған  Жаңа жылдық шырша мерекесі  ұйымдастырылып,  балалар түрлі кейіпкер бейнесінде  киініп,  Аяз ата мен ақшақарға өз өнерлерін  ұсынды.  Шынайы көңілмен дәмді-тәттілерді қабылдап,  көтеріңкі көңіл-күйде болды. Жаңа Жыл құтты болсын!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері  үшін Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі
26
декабрь
2023
Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері үшін Жаңа жылдық шырша
2023 жылдың 26 желтоқсан күні мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері  мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері  үшін ғажайып мереке Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі "Ақшақардың кебісі" ертегісі желісімен ұйымдастырылып,  оқушылар  тамаша көңіл-күйде болды. Балалар Аяз атаға тақпақтарын айтып, би билеп, ән айтты.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
Қазақстан Республикасы  Президентінің атынан өткен Жаңа жылдық шырша
25
декабрь
2023
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткен Жаңа жылдық шырша
Қазақстан Республикасы  Президентінің атынан  Семей қаласында  өткен  Жаңа жылдық шыршаға мектебіміздің  5-сынып оқушысы Сарсенханов  Жақсылық қатысып, Жаңа жылдық тәттілер мен 100 000 теңгелік сертификатты иеленді.  Театрландырылған Жаңа жылдық қойылымды тамашалап, тамаш көңіл-күймен оралды.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
"Айбын" әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен волейбол өтті
22
декабрь
2023
"Айбын" әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен волейбол өтті
"Айбын" әскери-патриоттық клубының мүшелері мен жетекшісі Д.М.Рахимгалиевтің ұйымдастыруымен    9-11-сынып  оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қызу әрі тартысты өтіп,  оқушылар белсене қатысты. Нәтижесінде номинациялар мен жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ,  ІІІорынды 11 "Б" сыныбы, ІІ орынды 10 "Б" сыныбы  және І орынды 11 "А" сыныбы жеңіп алды.
«Білімді ұрпақ - Тәуелсіз елдің тірегі»,  «Кеше, бүгін, ертең» тәрбие сағаттары
15
декабрь
2023
«Білімді ұрпақ - Тәуелсіз елдің тірегі», «Кеше, бүгін, ертең» тәрбие
Тәуелсіздік күніне орай 1-4-сыныптарда  «Білімді ұрпақ - Тәуелсіз елдің тірегі» тақырыбында, 5-11-сыныптарда  «Кеше, бүгін, ертең» тарихи-танымдық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақта балалар өз елінің тарихымен, түрлі саладағы жетістіктерімен, ұлттық құндылықтарымен толығырақ танысып, болашаққа бағдар алды. #тәуелсіз_елдің_ұрпағы_абай_облысыЖармаауданы    #Біртұтас_тәрбие
"Отанға деген құрмет кіші жастан басталады"
15
декабрь
2023
"Отанға деген құрмет кіші жастан басталады"
"Отанға деген құрмет кіші жастан басталады" демекші мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері - мектепалды даярлық және кіші орталық тәрбиеленушілерінің  Тәуелсіздік күніне арнап салған суреттері.
Тәуелсіздік үшін ерліктерімен танылған тарих кейіпкерлері
15
декабрь
2023
Тәуелсіздік үшін ерліктерімен танылған тарих кейіпкерлері
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған аудандық іс-шарада жас ұрпақ бойына Тәуелсіздік үшін ерліктерімен танылған тарих кейіпкерлері туралы "Георгиевка орта мектебі"КММ,  "Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясы" КММ және  "Маяковский атындағы орта мектебі"КММ-нің 10-11-сынып оқушыларымен әңгіме жүргізген мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Байбатшаева Айнур Советовна Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім» тақырыптарында шығарма
15
декабрь
2023
«Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім» тақырыптарында шығарма
Мектебімізде ел тәуелсіздігі күні қарсаңында  8-10-сынып оқушылары «Болашаққа хат» челленджі аясында «Тәуелсіз Қазақстандағы менің жетістігім», «Менің болашағым», «Еліммен бірге болашаққа апарар  жол» тақырыптарында шығарма жазып, ел тағдыры мен өз болашағы арасындағы  сабақтастық туралы ой толғап, өзіндік пікірлерін қағаз бетінде жүйелі жеткізе білді. #шығармажазу
«Тәуелсіз  елдің ұрпағымыз» тақырыбында сурет салу
14
декабрь
2023
«Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында сурет салу
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  балалардың  еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін  кіші жастан бойларына сіңіру мақсатында «Тәуелсіз  елдің ұрпағымыз» тақырыбында сурет салу ұйымдастырылып,  оқушылар  еліміздің табиғатын, қалаларын сурет бетіне түсірді.  #тәуелсіз_елдің_ұрпағы_абай_облысыЖармаауданы #Біртұтас_тәрбие