Біртұтас тәрбие іс -шаралары » Страница 16 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына қош келдіңіздер!
“Ертегілер әлемінде” іс-шарасы
11
июнь
2024
“Ертегілер әлемінде” іс-шарасы
2024 жылдың 11 маусым күні мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінде топтар арасында “Ертегілер әлемінде” іс-шарасы өткізілді. Әр топ әртүрлі “Қызыл телпек”, “Мақта қыз”, “Бауырсақ”, ”Жеті лақ” сынды ертегілерді сахналады. “Шаңырақ” тобында “Кім жылдам?” атты тартысты да қызықты ойын ұйымдастырылды. “Дружба” тобында “Смайликтер күні” аталып өтілсе, “Балдаурен” тобы қызықты ойындар ойнады. "Жұлдыздар" тобында бүгінгі өткен іс-шара бойынша балалар "Кім жүйрік" логикалық, викториналық
"Күншуақ" лагерінде   топтар арасында  мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштан сайыс
10
июнь
2024
"Күншуақ" лагерінде топтар арасында мақал-мәтел, жұмбақ,
"Күншуақ" лагерінде аптаның бірінші күні әдеттегідей таңғы жаттығумен басталып, жоспар бойынша топтар арасында “ Угадай мелодию” іс-шарасы ұйымдастырылды. Сондай ақ, “Шаңырақ” тобында мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштан сайыс өткізілді. “Жұлдыздар” тобы “Би әлемі” атты іс шара өткізсе, “Дружба” тобы станциялар бойынша ойын ойнады.
Тігінші Бакытнур Абілмажінқызымен кездесу
07
июнь
2024
Тігінші Бакытнур Абілмажінқызымен кездесу
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің "Мореходы" тобы  жергілікті  тігінші Бакытнур Абілмажінқызымен кездесу ұйымдастырып, әр түрлі құрақ көрпе, жастық түрлерінің жасалу жолдарын көрді, тігін машинасының жұмысымен танысты. Балалар уақытты қызықты өткізіп, пайдалы ақпараттар жинады.
ИП “НҰРГҮЛ” наубайханасына саяхат
07
июнь
2024
ИП “НҰРГҮЛ” наубайханасына саяхат
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінінің "Жұлдыздар" тобының тәрбиеленушілері ИП “НҰРГҮЛ” наубайханасына барып, Мағрап Нұргүл ханыммен кездесті. Нан өнімдерінің жасалу жолын, әр түрлі пысырылу  технологияларын өз көздерімен көріп, дәмді тоқаштардан дәм татып қайтты.
Жарма Аудандық Полиция бөліміне саяхат
07
июнь
2024
Жарма Аудандық Полиция бөліміне саяхат
7 маусым күні “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің  "Дружба" және "Шаңырақ" тобы   Жарма Аудандық Полиция бөліміне саяхат жасады.  Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры А.М. Акимбаева мекеменің ішкі құрылымымен таныстырып , балаларға қауіпсіздік туралы, ұрлық, өрт, су қатерлері туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Мекеменің әр бөлімімен танысып, ішін аралады. Әр маман иесіне оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бүгінгі күн
5-8,10-сынып оқушылары үшін  "Үздіктер слеті-2024" салтанатты жиыны
03
июнь
2024
5-8,10-сынып оқушылары үшін "Үздіктер слеті-2024" салтанатты жиыны
"Георгиевка орта мектебі" КММ-де 5-8,10-сынып оқушылары үшін  "Үздіктер слеті-2024" салтанатты жиыны өтті. Жиын барысында оқу жылының қорытындысы бойынша 74  оқушы оқу үздігі атанып,  Мақтау қағаздарымен марапатталып,  шығармашылық топ  ән шашуларын ұсынды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
“Кел, танысайық!” атты іс-шара
03
июнь
2024
“Кел, танысайық!” атты іс-шара
2024 жылдың 3 маусым күні “Георгиевка орта мектебі”КММ-нің мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Жоспар бойынша “Кел, танысайық!” атты іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар топқа бөлініп, бір-бірімен жақынырақ танысты. Тәрбиешілер күн тәртібімен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Әр топта ойындар ұйымдастырылып, балалар түрлі үйірмелерге қатысты.
"Күншуақ"жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты
01
июнь
2024
"Күншуақ"жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты
2024 жылдың 1 маусым күні "Георгиевка орта мектебі"КММ- де мектепішілік "Күншуақ"жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында балалар  өз өнерлерін көрсетіп ән айтып,  түрлі кейіпкерлер би биледі.  Сондай-ақ ойындар ойнатылып, лагерь қатысушыларына балмұздақтар таратылды.  Шара соңында тәрбиешілер  мен балалар  орталық алаңның  мерекелік шарасына қатысты.
Облыстық семинарда  мектебіміздің "Аталар мектебі" және  "Әжелер мектебі"
15
май
2024
Облыстық семинарда мектебіміздің "Аталар мектебі" және "Әжелер
Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық –әдістемелік орталығының ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында  өткен облыстық семинарда  мектебіміздің "Аталар мектебі" және  "Әжелер мектебінің" белсенді  мүшелері Қилымбек атамыз бен Клара әжеміз       оқушылармен бірге қамшы өру және құрт жасау әдістерін  көрсетіп, жас ұрпақ арасында  дәріптеп, атсалысты. #біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма ауданы #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
7-8-сынып ұлдары командасы футболдан жүлделі І ОРЫН
15
май
2024
7-8-сынып ұлдары командасы футболдан жүлделі І ОРЫН
Абай облысының Ұлттық мектеп лигасы жарысының ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде мектебіміздің  7-8-сынып ұлдары командасы футболдан жүлделі І ОРЫНҒА ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жетекшісі  Асылбеков Д.Б.#Абай_облысы_білім_басқармасы    #Біртұтас_тәрбие

Последние новости

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы - Лента новостей

[/aviable]