18
январь
2025
«ДОСБОЛLIKE» достық қолын ұсын акциясы аясында мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева 8 “А” сыныбымен оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынасын дамыту мақсатында “Достық бірлікте” тақырыбында тренинг ұйымдастырды



«ДОСБОЛLIKE» достық қолын ұсын акциясы аясында мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаева 8 “А” сыныбымен оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынасын дамыту мақсатында “Достық бірлікте” тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренинг оқушылардың жылы пейілмен амандасуы арқылы басталып, “Тоқтап қалма!” сергіту ойынымен жалғасты. Достық қарым- қатынасты нығайту мақсатында өткізілген “Тыңда мені” ойыны мен “Жираф”, “Адам” арт- терапия техникасын практикада қолдану арқылы бір- бірімен тығыз байланыста болды. Тренинг соңында оқушылар мақсатқа жетудің маңызын түсініп, өз ойларын ортаға салды.