19
декабрь
2024
Таяуда аудан әкімі Н.Борсукбаевтың Курчатов қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы «Ұлттық ядролық орталығы» мұражайы басшылығы тарапынан кітаптар табысталған болатын.

Таяуда аудан әкімі Н.Борсукбаевтың Курчатов қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы «Ұлттық ядролық орталығы» мұражайы басшылығы тарапынан кітаптар табысталған болатын. Ауданымызға әкелінген осындай білімдік-танымдық сипаты бар шығармалардың бірнешеуі оқырмандардың қажеттілігіне пайдалану үшін мектебімізге сыйға берілді. Оқушылар жаңа кітаптарға қызығушылық танытуда. Болашақ ұрпағымыз білімді рухани байболу үшін оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында табысталған сыйлық үшін зор алғыс білдіреміз.