19
март
2021
Психологиялық жұмыс
17 март күні “Георгиевка орта мектебі” КММ-де мектеп психологтары А.Ж.Фазымова және А.Н. Кокиева 5 “В” сынып оқушыларымен психологиялық жұмыс жүргізді. Психологиялық жұмыс барысында оқушылар ойын-жаттығулары арқылы өздеріне деген сенімділіктерін дамытты. Тренинг соңында оқушылардың қарым-қатынастары жақсарып, бір-бірлеріне деген достық пейілдері арта түсті.






