12
март
2019
«Бақытты адам» атты психологиялық тренинг
12 март күні отдела образования Жарминского района КММ – нің мектеп психологтары М.Кабаева және А.Кокиеваның ұйымдастыруымен 11 а сынып оқушыларына «Бақытты адам» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: оқушыға психологиялық қолдау көрсету, бала бойындағы қорқыныш, өзіне деген сенімсіздікті жою. Тренингке оқушылар белсене қатысып отырды. Мектеп түлектері бүгінгі күні өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Тренинг барысында түрлі жаттығулар орындалып, сонында оқушылар өз сезімдерімен бөлісті.






