«Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг өткізілді
13 наурыз күні мектеп психологы А.Н.Кокиеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг өткізілді.Тренингтің мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып,бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым –қатынасқа түсу мәдениеті және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг оқушылардың бірін-бірі «Визиткада» көрсетілген есім бойынша атап таныстырудан басталып, «Автопортрет» жаттығуымен жалғасын тапты, оқушылар өздерінің бойындағы ерекшеленіп тұратын белгілерін атап жазды.Тренинг соңында сынып оқушыларының арасындағы бір-біріне деген сенімділікті арттыру және байқау мақсатында «Шеңбер» жаттығуымен аяқталды.

